Республикалық "Ақбидай-2017" ауыл спорты ойындарының туы Маңғыстау облысына табысталды

1530

Республикалық "Ақбидай-2017" ауыл спорты ойындарының туы Маңғыстау облысына табысталды

Ақтөбеде өткен республикалық "Ақбидай-2017" VI ауыл спорты ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ойынның қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, 2-орынды Ақтөбе облысы, 3-орынды Қызылорда облысы иеленді.

Салтанатты шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев жүлделі орынға ие болғандарды дәрежесіне сай медальдармен, алғыс хаттармен, кубоктармен марапаттады және ойынды ресми түрде жабық деп жариялап, барлық қатысушыларға және ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Сонымен қатар, республикалық Ақбидай-2021 ауыл спорты ойындарының туы салтанатты түрде Ақтөбе облысынан Маңғыстау облысына табысталды.

Айта кетейік, "Ақбидай-2017" ауыл спорты ойындарына еліміздің барлық облыстарынан 2 мыңға жуық спортшы келді. Аталған шараны ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 5 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.  Төрт жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан облысында өткен "Ақбидайда" Ақтөбе өңірі жетінші орын алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу